Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анасын тыңдаймын деп отбасын ойрандаған келіншек жан сырын ақтарды

Опубликовано:

21 жасында сүйгеніне тұрмысқа шығып, анасының сөзі үшін күйеуінен ажырасуға мәжбүр болған келіншек мұңын шақты. Оның сөзінше, ол жақсы жерге келін болып түскенімен, қолындағы бағын бағалай алмаған екен деп хабарлайды Алаш айнасы басылымы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Сүйгеніне қосылып, қайын жұртында бақытты өмір сүрген келіншек ата-анасының кесірінен ажырасып кетуге мәжбүр болғанын айтты.

"Қазір 8 айлық қызым бар, Аллаға шүкір, бірақ күйеуіммен ажырасып кеттік. Анам мен әкем өміріме араласа берді. "Күйеуіңнің жағдайы төмен, ата-енең ақша ұстатпайды екен" деп айта берді,  мен де анамның сөзіне еріп кеттім", - дейді ол.

Анасының сөзіне ерген келіншек баласы бола тұра отбасын бұзуына тура келгенін сөз етті.

"Күйеуімнен бала туған соң кетіп қалдым. Енеме де айтпаған сөзім қалмады, анамның үйреткендерін айттым.
Анамның бар ойы күйеуіммен бөлек шыққанымды қалайды екен,  айлығын өзің жұмсайсың деді. Қазір күйеуіммен сөйлесіп тұрамын, үйге қызын көруге келіп тұрады", - дейді жас ана.

Оның сөзінше, күйеуімен қайта қосылғысы келгенімен, ата-енесіне әбден қарабет болғанын, сол үшін қайта баруға ұяты жібермейді екен.

"Қызының еміне, киім-кешегіне ақшасын аямайды. Мені қайтадан алып кетуге бірнеше рет ұсыныс айтты. Мен анамның сөзінен шыға алмадым... Қазір қатты өкінем анамды тыңдағаныма. Күйеуіммен үйіне баруға бетім жоқ", - деп мұңын шақты келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810918-anasyn-tydajmyn-dep-otbasyn-ojrandagan-kelinsek-zan-syryn-aktardy/

pixel