Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2019 жылғы махаббат жайындағы Корей дорамалары

Опубликовано:

Махаббат пен нәзік сезімдер туралы әңгімелейтін романтикалық дорамалар талантты актерлік ойын мен әдемі суреттерімен көрермендерге ұнайды. Кәріс сериалдарын көруден жағымды сезімге бөлене аласыз. Махаббат туралы жаңа корей дорамаларын көріп, осыған көз жеткізіңіз.

2019 жылғы махаббат жайындағы Корей дорамалары
"Менің хатшымның құпия өмірі" телехикаясынан кадр: Getty Images

Оңтүстік Корея өзінің мәдениетімен бүкіл әлемді бағындыра алды. Корей телехикаяларының жанкүйерлері жаңа дорамаларды көріп, басты кейіпкерлерге жан-жақты көңіл бөледі. Жақсы диалогтар, ойластырылған сюжет және саундтрек, осының барлығы ұзақ уақыт есте қалады, дораманы бастан аяқ әп-сәтте көріп шығуға шабыттандырады.

2019 жылы романтика жанры көптеген жаңа телехикаялармен толықтырылды. Орыс тілінде дыбысталған ең әсерлі корей дорамаларын төмендегідей тізімде ұсынамыз:

«Оның жеке өмірі» / «Ее личная жизнь»

2019 жылғы махаббат жайындағы Корей дорамалары
"Оның жеке өмірі" телехикаясынан кадр: Getty Images

Комедия элементтері бар романтикалық дорама 2019 жылдың сәуір айында көрермендерге жол тартты. Басты рөлдерді Ким Чжэ Ук ("Жел патшалығы"), Пак Мин Ен ("Ким хатшысына не болды?") және тағы басқалар сомдады.

Сюжеттің ортасында - өнер галереясының кураторы Сон Док Мидің тарихы. Әдетте ұстамды және тәрбиелі қыз өз әріптестеріне үлгі болады. Ол жұмыста табысты, өнерден де хабары бар. Сонымен қатар, салмақты бизнес-леди образының астында атақты корей айдолы фан-клубының басшысы жасырынып жүргенін құпия сақтайды.

Бір күні галерея директорының орнына бұрынғы суретші және өте танымал Райан деген тұлға келеді. Ол танымал, табысты және өзіне сенімді, бірақ топтасқан адамдар оның үрейін ұшыратыны жайында ешкім біле бермейді. Райан күтпеген жерден Сон Док Мидің құпия өмірі туралы біліп қояды. Оқиға әрі қарай қалай өрбиді? Оны дораманы көріп, анықтаңыз.

«Сені жек көрудің амалы» / «Способ ненавидеть тебя»

2019 жылғы махаббат жайындағы Корей дорамалары
"Сені жек көрудің амалы" телехикаясынан кадр: Getty Images

Студенттік махаббат туралы танымдық дорама 2019 жылдың көктемінде экранға шықты. Эпизодтағы басты рөлдерді NCT тобының әншісі Джемин мен Ким Чжи Ин ("Жаңа дәреже") орындады.

Анимация факультетінің студенті - Хан Дэ Ган - түрлі ойындар мен комикстермен айналысатын мейірімді жігіт. Ол әрдайым айналасындағыларға жақсы болып көрінуге тырысса да, адамдар онымен жақындасып, сөйлесуді қаламайды.

О Ми Ри Ханмен достық жасауға ұмтылмаған адамдардың бірі болды. Алайда, оған көмек қажет болған кезде, тек сол оған қолын созды. Қыздың өтінішінің мәні - біреу оның жігітінің рөлін орындауы тиіс болды.

Оның нағыз махаббаты - Го Ын Тэ кейіпкердің құрбысы - Ли Да Сомға ғашық болып қалады. Бұл туралы Хан Дэ Ган білген кезде хикая мүлдем басқа жаққа бұрылады...

«Менің хатшымның құпия өмірі» / «Тайная жизнь моего секретаря»

2019 жылғы махаббат жайындағы Корей дорамалары
"Менің хатшымның құпия өмірі" телехикаясынан кадр: Getty Images

Комедияның көңілді ноталары және романтикалық сюжет - бұл дораманың негізі. Корей телехикаялары жиі бірнеше атаумен шығарылады. Бұл телехикаяны тағы "Бірінші көзқарастан сені сүйемін" деген атаумен табуға болады. Басты рөлдерде Ким Ен Кванды ("№9 Камера") және кербез Чжин Ки Чжуды ("Кел де мені құшақта") көресіз.

До Мин Ик — ірі компанияның директоры, ықпалды бизнесмен және өте қатал бастық. Оның хатшылармен қарым-қатынасы ерекше түрде қалыптасады. Ол көмекшілерге өзінің барлық шаруасын артып қояды да, бір жылдан астам уақыт жұмыс орнын сақтап қалуға мүмкіндік бермейді.

Оның кезекті хатшысы - Чон Каль Хи - нағыз олжа. Қыз ұқыпсыз сыртқы келбетімен ерекшеленсе де, барлық тапсырмаларды орындайды, тіпті ең ақылға сыймайтын тапсырмаларды да.

Бір күні До Мин Ик шабуыл құрбаны болады, нәтижесінде шатырдан құлап, прозопагнозияға шалдығады. Оның жадында таныстарының ешқайсысы жоқ, тек хатшының өзгермейтін бейнесі оның бұрынғы өмірінен естелік ретінде қалып қойған. Енді Чон бастыққа істерді қалпына келтіруге көмектеседі.

«Махаббат перісінің соңғы мақсаты» / «Последняя миссия ангела: Любовь»

2019 жылғы махаббат жайындағы Корей дорамалары
"Махаббат перісінің соңғы мақсаты" телехикаясынан кадр: Getty Images

2019 жылдың мамыр айында KBS арнасы телекөрермендердің назарына "Дан, жалғыз махаббат" атты жаңа дорама ұсынды. Басты рөлдерді Син Хе Сон ("Көк теңіз аңызы") және Ким Мен Су ("Мен үшін тым әдемі") сомдады.

Махаббат туралы үздік дорамалар әрдайым сәл нәзік және жеңіл болып келеді. Бұл телехикаяның сюжеті сиқырдың айналасында өрбитіні таңқаларлық емес.

Дан есімді шынайы және мейірімді жігіт ешқашан ерекше сәттілікпен ерекшеленбеген. Ол қандай шаруаны бастаса да, жолында қандай да бір кедергілер пайда болды. Алайда, бұл оның жалғыз ерекшелігі емес. Дан - көкте өмір сүру мүмкіндігінен айырылған періште. Жағдайды түзету үшін ол қиын тапсырманы орындауы қажет: қарапайым адамға шынайы және қатты ғашық болу.

Ли Ен Сео - мақсатты және дарынды қыз. Ол бұрыннан бері бәрінен де өзін балетке арнауды армандаған. Бірақ Ен Сеоны мүгедек қылған келеңсіз оқиға оның арманына біржола таңба қойды. Ауыр депрессия және айналасындағыларға сенімсіздік қызға шынайы махаббаттың болуына сенуге мүмкіндік бермейді. Мүмкін періштемен кездесу оның өмірін өзгертетін шығар?

«Көктемгі түн» / «Весенняя ночь»

2019 жылғы махаббат жайындағы Корей дорамалары
"Көктемгі түн" телехикаясынан кадр: Getty Images

Бір түн бүкіл өмірге өзгеріс алып келе алады. Жүректің қағысын жиілете алатын адамды енді кездестірмеймін деп ойлаған кезде, үлкен махаббат күтпестен келіп жетуі мүмкін. Бұл туралы басты рөлдерде Чон Хэ Ин ("Үш сарбаз") және Хан Джи Мин ("Сенің көзіңдегі жарық") ойнайтын "Көктемгі түн" сияқты корей дорамасы баяндайды.

30 жастағы Ли Чон Ин өмірінде бәрі өз ретімен жүрді. Ол кітапханада жақсы жұмыс істеді, жас адаммен қарым-қатынас орнады. Қыз ақырында үйленуге және бала сүюге бел буады, бірақ қандай да бір күмән кедергі жасады.

Бір көктемгі түнде Ли фармацевт Ю Чжи Хомен танысады. Бұл аяқасты кездесу кейіпкердің жүрегінде бұрын болмаған сезімдерді оятады. Махаббат сезімі Ли Чон Инның басын айналдырады, ал енді ол өзінің күйеу жігітіне барлығын түсіндіруі керек.

«Сенің әніңді тыңдауға рұқсат бер» («Маған ән арнашы») / «Позволь послушать твою песню» («Спой мне»)

2019 жылғы махаббат жайындағы Корей дорамалары
"Сенің әніңді тыңдауға рұқсат бер" телехикаясынан кадр: Getty Images

"Маған ән арнашы" атты хикая — бұл махаббат туралы жаңа дорама. Ен у Чжин ("Неке үйлесімі") және Ким Се Чжон ("Мектеп") түскен алғашқы бөлімін көрермендер 2019 жылдың тамыз айында көрді. Орыс дыбысы бар қалған 15 эпизод бірнеше ай бойы қол жетімді болады.

Дорама Хон Иен Янг деген сұлу қыз туралы айтады. Оның өмірі өте қарапайым көрінеді, бірақ түнде қыз ұйқысыздықтан зардап шегеді. Оның жадында ескі естеліктердің үзінділері ғана қалды. Оның өміріне жойылмас таңбаны ол есіне түсіре алмай жүрген - өлім оқиғасы қалдырды. Сонымен қатар, ол жоғалған махаббатын табу керек екенін сезінеді.

Кейіпкерге көмеккеЧан Юн атты саңырау пианист келеді. Ер адам ешқашан тамаша вокалдық деректер болмаса да, оның дауысы нәзік бесік жыры сияқты, Хон Иен Янгқа тыныштық сыйлайды. Бірақ ұйқысыздық - Чанның жаңа досына көмектесе алатын жалғыз нәрсе емес.

Экранда бейнеленген махаббат болса да, ол жаңа сезім мен эмоциялар бере алады, ерлікке шабыттандырады және итермелейді. Корей романтикалық дорамаларына сізді сендіруге мүмкіндік беріңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1810922-2019-zylgy-mahabbat-zajyndagy-korej-doramalary/

pixel