RU
500 жыл өмір сүрген акула табылды

500 жыл өмір сүрген акула табылды

Рассказать Вконтакте

Гренландияда ғалымдар шамамен 500 жыл өмір сүрген акуланы тапты деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Болжам бойынша, гренландиялық полярлық акула 1505 жылы өмірге келген. Ғалымдар оның жасын ұзындығына қарап анықтады. Белгілі болғандай, гренландиялық акулалар жылына тек бір сантиметрге дейін өсіп, жүздеген жыл өмір сүреді екен.

Ғалымдар қолға түсірген акуланың ұзындығы 5,4 метрді құрады.

"Бұл – қазіргі таңда әлемде тіршілік ететін омыртқалы жануарлардың ең кәрісі", – деп мәлімдеді профессор Ким Пребел.

Ғалымдар осыншама ұзақ уақыт тіршілік етуге қандай гендер әсер ететінін анықтау мақсатында жануардың ДНК-сын зерттеуде.

Гренландиялық акуланың негізгі қорек көзі – балық. Алайда, ғалымдар оның азық іздеп жүргенін бірде-бір рет көрмеген. Полярлық акуланың асқазанынан бұғының, тіпті, жылқының бөліктері табылған кездер болған.

Бұндай акулалар орта есеппен 272 жыл тіршілік етеді және басқаларына қарағанда суыққа ең төзімді келеді. Акулалардың бұл түрі 7,3 метрге дейін өсіп, салмағы бір жарым тоннаны құрай алады.

Гренландиялық полярлық акуланың еті Исландияның ұлттық тағамына жатады.

Сіздің реакцияңыз
0
5
0
0
4
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel