RU
Әлімханұлы өзін "Боратқа" теңеген канадалық боксшының сазайын бермекші

Әлімханұлы өзін "Боратқа" теңеген канадалық боксшының сазайын бермекші

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы өз жанкүйерлерін 17 тамызда өтетін жекпе-жегін тамашалауға шақырды. Спортшы канадалық қарсыласының сазайын беретінін мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы спортшы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Қадірлі жанкүйерлер! Бұйыртса, осы жексенбі таңертең ерте ояныңыздар! Канадалықты бірге жазалайық", - деді ол.

Еске сала кетсек, канадалық боксшы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жанкүйерлеріне Жәнібекті таныстырып, 17 тамызда Лос-Анджелесте жекпе-жекке шығатынын хабарлаған.

Алайда Стюард Макклелан өзі жариялаған фотода қазақстандық қарсыласын "Борат" кейпінде көрсеткен.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
13
8
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel