Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда бүтін бір отбасы отқа оранып, өртеніп кете жаздады (фото, видео)

Опубликовано:

Алматыда түнде мас күйінде көлік айдаған жүргізушінің кесірінен бүтін бір отбасы өртеніп кете жаздады деп жазады Zakon.kz сайтына сілтеме берген KAZ.NUR.KZ.

Фото : zakon.kz
Фото : zakon.kz: Facebook

Куәгерлердің айтуынша, Mercedes маркалы көлігі Асқаров көшесінде жоғары жылдамдықпен келе жатып, айналма жолда көлікті басқара алмаған.

Көлік әрі қарай жол жиегіне шығып, аударылып газ құбырларына кіріп кетіпті. Одан соң құбыр жарылып, өрт шыққан. Ал, қызыл жалын бірден жақын маңдағы жеке тұрғын үйге де тараған.

Фото : zakon.kz
Фото : zakon.kz: Facebook

Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен полиция келіп, кінәлілер ұсталды.

"Екі бірдей "Боран - 139" және "Боран - 143" жасағына Mercedes маркалы автокөлік жол апатын жасап, газ құбырларына зақым келтіргені, нәтижесінде көгілдір отынның ағуы және тұрғын үйлердің бірінде өрт тұтанғандығы туралы хабар келіп түскен.

Абдырап қалған әйел алдымыздан жүгіріп шығып, оның бар отбасы мүшелері үйдің ішінде екенін айтып, қобалжығаны соншалықты, біздің күш салуымызға қарамастан, оттың ортасына кірмек болды.

Менің серіктесім, полиция сержанты Алмаз Әсетпен бірге отбасы мүшелерін табу үшін өртенген аумақты табу туралы шешім қабылданды", - деді аға сержант Бауыржан Жексембаев.
Фото : zakon.kz
Фото : zakon.kz: Instagram

Фото : zakon.kz
Фото : zakon.kz: Twitter

Үй толығымен отқа оранған. Қызметкерлер қызыл жалын ортасынан үш адамды құтқарып алып шыққан.

"11 жастағы қыз бен тағы екі ер адамды құтқара алдық. Олардың өміріне еш қауіп жоқ. Тілсіз жау өрт сөндірушілердің көмегімен түгелдей оқшауланып, жойылды", - деді құтқару операциясымен бөліскен Патрульдік полиция полкының аға сержанты Бауыржан Жексембаев.
Фото : zakon.kz
Фото : zakon.kz: Getty Images

Фото : zakon.kz
Фото : zakon.kz: Facebook

Фото : zakon.kz
Фото : zakon.kz: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1810935-almatyda-btin-bir-otbasy-otka-oranyp-rtenip-kete-zazdady-foto-video/

pixel