Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ер азаматтарды әйелдің қандай қасиеттері тартпайды?

Опубликовано:

Бірнеше жылдан бері құрбыларыңыздың бірі өз отбасын құрып, енді біреуі тіпті ажырасып жатыр. Ал сіздің кездесуге барып келетін адамыңыз да жоқ. Мүмкін сізде бір гәп бар шығар? womanhit.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ әйелдердің бойындағы ер адамды жуытпайтын қасиеттерін тізіп шықты.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Сіз барлық азаматтарға күмәнмен қарайсыз

Әркез ер адаммен кездескен сайын оған көзіңізбен атып жіберетіндей қарасаңыз, ол сізге қайта хабарласуға құлшынбауы мүмкін.

Есіңізде сақтаңыз, ер азаматтарды ашық-жарқын, қарым-қатынасты жеңіл құра алатын әйел адамдар қызықтырады.

Өткен шақта біреу жүрегіңізді жараласа, демек барлық адамдар сондай деген сөз емес.

Шынайы бет бейнеңізді жасырасыз

Көп жағдайда әйел адамдар ер азаматқа ұнау үшін басқа біреудің кейпіне еніп жүреді.

Алайда ерте ме, кеш пе, ол өтірік соңында ашылары сөзсіз.

Тек сіздің туа біткен қалпыңыз сізге лайықты адамды кездестіруге септігін тигізе алады.

Адамды өзіңізге жақындатпайсыз

Әйелдердің барлығы дерлік азаматтарды аңшы, өздерін аң секілді көреді. Иә, әрине ер адам сіздің көңіліңізді тауып, өзіне тиесілі еткісі келер.

Алайда бұған бір сұмдық нәрсе секілді қарамағаныңыз жөн.

Адамды өзіңізге жақындатпай, қашып жүре берсеңіз, ертелі-кеш пе ол сізден суынып кетуі мүмкін.

Үнемі ештеңеге көңіліңіз толмай жүреді

Барлық адамның жұмысына, қоршаған ортасына не болмаса біліміне көңілі толмауы мүмкін.

Бірақ осындай мәселелерді шешетін ер адамды іздеген болсаңыз, бұдан түк шықпайтынын алдын ала білгейсіз.

Себебі табысты ер адам өзі секілді еркін, табысты әйелді іздейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1810937-er-azamattardy-jeldi-kandaj-kasietteri-tartpajdy/

pixel