Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Британиялық миллиардердің қызы мен "ең сұлу қылмыскер" ажырасып тынды

Опубликовано:

"Әлемдегі ең сұлу қылмыскер" атанған Джереми Микс пен британиялық миллиардердің қызы Хлоя Грин арадағы қарым-қатынастарын үзді деп хабарлайды kp.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Джереми Микс – америкалық, есірткі саудасы және қарақшылықпен айналысатын Crips бандысының мүшесі болған.

2014 жылы ол қару-жарақ сақтағаны және қарақшылық жасағаны үшін қамауға алынды.

Жігіттің суреті БАҚ пен әлеуметтік желілерде пайда болған кезде, жұртшылық оны "әлемдегі ең сұлу қылмыскер" деп атап кеткен.

Бостандыққа шыққан соң ол танымалдықтың арқасында модель болып жұмыс істеді.

Сөйтіп жүріп Topshop империясының мұрагері, британиялық миллиардердің қызы Хлоя Гринмен танысады.

Қыз бен оның әкесінің таныстары арқылы жас жігіт зиялы қауымның ортасына түсіп, көптеген танымал брендтердің бет-бейнесіне айналады.

Екі жыл бірге болған жұптың Джейден Микс-Грин есімді ұлдары бар. Дегенмен, оған қарамастан әлемге танымал жұп айырылысып тынды.

Басылымның хабарлауынша, Джереми Микс мүлкі 5,4 млрд долларға бағаланған британиялық бизнесмен Филипп Гринның қызы үшін өзінің бала-шағасын тастап кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1810942-britanialyk-milliarderdi-kyzy-men-e-slu-kylmysker-azyrasyp-tyndy/

pixel