RU
"Понт": Алматыда көлікте қолына қару ұстап отырған адам видеоға түсіп қалған

"Понт": Алматыда көлікте қолына қару ұстап отырған адам видеоға түсіп қалған

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде тапаншаға ұқсас затты көліктің терезесінен шығарып отырған ер адамның видеосы тарады деп жазады Zakon.kz сайтына сілтеме берген KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан алынған кадр

Фото: видеодан алынған кадр

Жазбада алматылық нөмірі бар "Мерседес" автокөлігінің жолаушысы тапанша тәрізді затты ұстап, қолын терезеден шығарған.

Желі қолданушылары мұны "понт" деп атады.

"Қазіргі таңда аталған видео мұқият зерттеліп жатыр. Қару ұстаған адамның кім екені анықталады. Полицияның жедел бөлімшелері тексеру барысында тапаншаның кімге тиесілі екенін, оның қайдан шыққанын анықтайды, сонымен бірге оны өзінде сақтап, көпшілікке қандай мақсатта көрсеткенін анықтайды. Жаза, сөзсіз, заңға сәйкес орындалады", - деді Алматы ПД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel