RU

Есірткі бизнесімен айналысқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Өскеменде 10 жыл бойы есірткі бизнесімен айналысып келген ерлі зайыптылар ұсталды.

Олар жасырған есірткінің ірі партиясы қаладағы қоймалардың бірінен табылды.

Салмағы 300 граммға жуық героинді әйел өз құрбысының кәсіпорнына тығып қойған екен. Полицейлер қоймадан табылған сөмкенің ішінен полиэтилен пакетіне оралған есірткіні тәркіледі. Ал, күйеуін тәртіп сақшылары  көшеде қолға түсірді. Оның  көлігінен есірткі жасауға қажетті 50 дана димедрол дәрісі мен героин шықты.

 Мұрат Қыстаубаев - облыстық ІІД бөлім бастығы

"Тергеу істері ары қарай жалғасуда. Ары қарай ол кісілердің есірткі затын әкелетін жолдарын анықтау мақсатында, олардың қылмысты кімдермен бірігіп істейтіндерін анықтау мақсатында іс шаралар жүргізіліп жатыр".      

 Тергеу барысында анықталғандай бұл істі ерлі-зайыптылар ұзақ жыл отбасылық бизнеске айналдырған. Ал, кәмелетке толмаған балалары есірткі сатқаны үшін түрмеде отыр.   

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/181095-esirtki-biznesimen-ajnalyskan-erli-zajyptylar-ystaldy.html