Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

52 өзбек азаматы тірідей өртке оранды: Түркістан облысында автобус иесі сотталды

Опубликовано:

Сарыағаш аудандық соты 52 өзбек жолаушысының қазасына себепкер болған автобустың иесі Ордухан Мехтиевқа қатысты үкім шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: Getty Images

Бұған дейін аталған трансферді ұйымдастырған тасылмалдаушы-фирманың құрылтайшысы да жаза мерзімін алған болатын.

Сондай-ақ, автобустың иесі - Ордухан Мехтиевқа да қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Алайда ол Қазақстаннан тысқары шығып, тергеуден жасырынып қалған. Мехтиев ұлтаралық іздеуде жүрді.

2018 жылдың желтоқсан айында оны Ташкенттің өзбекстандық құқық қорғау органдары құрықтады. Ол Қазақстанның тапсырысымен Шымкентке жіберілді.

Наурызда Сарыағаш ауданында Мехтиевке қатысты сот басталды.

Ол екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған ақаулы техникалық күйдегі көлік құралдарын пайдаланғаны үшін айыпталды.

Істің барлық жағдайын ескере отырып, сот оны кінәлі деп тауып, ең төменгі қауіпсіздік калониясында 3 жыл жазасын өтеу туралы үкім шығарды.

Сонымен қатар, сот жәбірленушілердің талабын ішінара қанағаттандырды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енбеген.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың қаңтар айында Ақтөбе обылысы тас жолында Оңтүстік Қазақстанның Сарыағаш ауданынан келе жатқан жолаушылар автобусы өртке оранды.

Автобустың ішінде Ресейге табыс табуға кетіп бара жатқан Өзбекстан азаматтары болды. Өрттен 52 адам қаза тапты. Тек автобус жүргізушілері дін аман қалған. Олар сот алдына келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810961-52-zbek-azamaty-tiridej-rtke-orandy-trkistan-oblysynda-avtobus-zrgizusisi-sottaldy/

pixel