Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бесті әкел": Димаштың жанкүйерлері Алматыда ерекше флешмоб бастады

Опубликовано:

Алматыдағы Арбатта "#Жаман емес" Youtube арнасы өте қызықты флешмоб бастады. Олар әлемге әйгілі Димаш Құдайбергенді қазақстандықтардың қаншалықты жақсы көретінін білгісі келген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр: Facebook

"Димаш Құдайберген біздің мақтанышымыз десең, бесті әкел!" деген жазуы бар плакатты ұстаған жігіт Арбат көшесіне шығып, танымал әншіні қолдайтын жандарды іздеді.

Адамдар флешмобты өте көңілді қабылдаған.

Жігіттерді жас тыңдармандар ғана емес, үлкен адамдардың да қолдағанына таңқалдырды. Бұл Димаштың көрермендері жас талғамайтынын көрсетеді.

Сонымен қатар, әншінің Еуразиялық фан-клубының Мәскеулік бөлімшесі де орталық көшелерге шығып, Мәскеу тұрғындары мен қонақтарынан Димаш туралы не білетінін сұрап, Санкт-Петербургте 29-қарашада өтетін жеке шығармашылық кешіне шақырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1810964-besti-kel-dimasty-zankjerleri-almatyda-erekse-flesmob-bastady/

pixel