Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сағынтаев селден кейін әуеден түсірілген суреттерді көрсетті (фото)

Опубликовано:

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram парақшасына селден кейінгі суреттерді жүктеді. Фотолар әуеден түсірілген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/sagintayev.b
Фото: instagram.com/sagintayev.b: Facebook

Қала басшысы тікұшаққа мініп, сел болған аймақты өз көзімен көрген. Ол құтқарушылар мен басқа да қызметкерлердің жұмыстарын тексерді.

"Наурызбай ауданындағы сел тасқыны жағдайы тұрақталды. Төтенше жағдайлар қызметі, полиция, қаламыздың коммуналды қызмет бөлімшелері жедел әрі нақты жұмыс жасады, сол үшін оларға рахмет айтамын", - деді әкім.
Фото: instagram.com/sagintayev.b
Фото: instagram.com/sagintayev.b: Twitter

Сонымен қатар, қала басшысы құтқарушыларға көмектескен Алматы тұрғындарына да алғысын білдірді.

" Көмектерін ұсынған барлық ізгі ниетті жандарға жеке алғысымды білдіремін. Осындай сәтте біз қаланың құрыштай берік екенін көрсеттік. Ал бұл мақтаныш сезімін оятады. Рахмет сіздерге, құрметті алматылықтар! ", - деп жазды Бақытжан Сағынтаев.
Фото: instagram.com/sagintayev.b
Фото: instagram.com/sagintayev.b: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810968-sagyntaev-ueden-tsirilgen-selden-kejingi-suretterdi-krsetti-foto/

pixel