Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елбасы Ақмола облысының әкімін қабылдады

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевты қабылдады деп жазады Тұңғыш президент сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Тұңғыш Президент сайты
Фото: Тұңғыш Президент сайты: Facebook

Кездесуде Ермек Маржықпаев Елбасына өңірдің даму барысы және әлеуметтік бастамалардың жүзеге асырылуы туралы баяндады.

Қазақстанның Тұңғыш президенті экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ұлттық саябақтың табиғи ресурстарын қорғау мәселелеріне назар аударды.

Бұдан бөлек, Назарбаев өңірдегі жастарды жұмыспен қамту мәселесіне тоқталды.  

Әңгімелесу барысында әлеуметтік және спорт инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ, тұрғындардың табысын арттыру және тұрмысы нашар азаматтарға көмек көрсету үшін атқарылып жатқан шараларға баса мән берілді.

Кездесу соңында Елбасы өңірде ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға бағытталған жобалар әзірлеп, соларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810987-elbasy-akmola-oblysyny-kimin-kabyldady/

pixel