Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әсел Баяндароваға "жала жапты және қорлады" деген айып тағылды

Опубликовано:

Алматылық танымал блогер Әсел Баяндароваға "жала жапты және қорлады" деген айып тағылып отыр. Мұндай ақпарат Жоғарғы соттың сайтында пайда болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook.com/asselbayandarova
Фото: facebook.com/asselbayandarova: Twitter

Сот құжаттарында жазылғандай, Баяндарова 130 баптың 2-бөлімі (Жала жабу) және 131 баптың 2-бөлімі (Қорлау) бойынша құқық бұзды деп айыпталған.

Екі баптың екі бөлігінде де бұл әрекеттер көпшілік алдында жасалғаны, БАҚ немесе телекоммуникация желілерін қолдана отырып жасалғандығы көрсетілген.

Екі бап бойынша Баяндарова 200-ден бастап 2000 МРП-ға дейін айыппұл арқалауы немесе қоғамдық жұмысқа тартылуы мүмкін. Тіпті, екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұл жағдай Әсел Баяндарова өзінің Facebook парақшасында анасын жаяу жүргіншілер жолағында қағып кеткенін жазған соң басталған. Анасын ауруханаға апарған соң, кінәлі адам болған жол апаты туралы ешкімге айтпауды сұраған.

Баяндарованың сөзінше, анасына 100 доллар ұсынған, алайда анасы бас тартыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1811001-tanymal-bloger-baandarovaga-zala-zapty-zne-korlady-degen-ajyp-tagyldy/

pixel