RU
Қытайда сотталған Ақжарқынның жағдайы туралы министрлік мәлімет берді
Жаңалықтар Қоғам

Қытайда сотталған Ақжарқынның жағдайы туралы министрлік мәлімет берді

Рассказать Вконтакте

Сыртқы істер министрлігі Қытайда сотталған қазақcтандық Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне байланысты мәлімет берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook/Сункар Нурмаганбетов

Фото: Facebook/Сункар Нурмаганбетов

Министрлік қазіргі уақытта Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты барлық материалды зерттеп жатқанын айтты.

Аталған іс екінші инстанцияға жолданғаны белгілі болды.

"Біз аппеляциялық шағым бойынша екінші отырыстың өтетін уақыты туралы Қытайдан хабар күтіп отырмыз. Әзірше ол отырыстың уақыты белгісіз. Министрлік және елшілік аталған істі жіті бақылауда ұстап отыр", - сырты істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Ол қазақстандық дипломаттар Ақжарқынға жиі барып тұратынын жеткізді.

"Олар ата-анасының хаттарын апарып отырады. Ақжарқынға кітап сатып алып береді. Оның жағдайы жақсы. Ешқандай шағым түсірген жоқ", - деді ведомствоның баспасөз хатшысы.

Сіздің реакцияңыз
4
2
0
15
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel