RU
"Қазақстандық футболшының өлімі": Денсаулық сақтау басқармасы себебін айтты
Жаңалықтар Қоғам

"Қазақстандық футболшының өлімі": Денсаулық сақтау басқармасы себебін айтты

Рассказать Вконтакте

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы 19 жастағы футболшының неден қайтыс болғанын айтып берді деп хабарлайды Қазақпарат.

Роман Зюзин (сол жақта). Фото: "Оқжетпес" ФК

Роман Зюзин (сол жақта). Фото: "Оқжетпес" ФК

Ведомствоның мәліметінше, Роман Зюзин 11 тамыз күні Көкшетау қалалық көпсалалы аурханасына өте ауыр хәлде түскен.

Дәрігерлер футболшыны бірден жансақтау бөліміне жатқызғанын жеткізді.

"Республикалық және облыстық деңгейдегі дәрігер мамандарды тарта отырып, кешенді түрде диагностика және емдеу шаралары қолға алынды. Өкінішке қарай, науқастың өмірін сақтау мүмкіндігі болмады. Өлімнің себебі, дәрігерге кеш жүгіну, сепсистік жағдайын нашарлатқан асқынған іріңді қабыну үрдісі", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Еске сала кетсек, "Оқжетпес" сапында ойнайтын 19 жастағы футболшының қайтыс болғанын хабарлағанбыз.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel