RU
"Ливерпуль" УЕФА суперкубогының иегері атанды (фото, видео)

"Ливерпуль" УЕФА суперкубогының иегері атанды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

УЕФА суперкубогының финалында кездескен "Ливерпуль" мен "Челси" ойынның негізгі уақытында жеңімпазды анықтай алмады. Қос клуб арасындағы қызықты матч пенальти сериясына дейін барып, Юрген Клопптың шәкірттері лондондық ұжымнан айласын асырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақтық мәре Түркияның Ыстамбұл қаласында өтті.

Тартысты өткен ойында есепті "Челси" клубы ашты. Лондондық ұжымның шабуылшысы Оливье Жиру "Ливерпуль" қақпашысынан айласын асырды.

Екінші таймның басында Юрген Клопптың шәкірттері таразы басын теңестірді.

Ойынға тыңнан қосылған "Ливерпуль" шабуылшысы Роберто Фирмино нәтижелі паспен көзге түсті. Гол авторы - Садио Мане.

Финалдық матчтың негізі уақыты 1:1 есебімен аяқталды.

Алғашқы экстра таймда сенегалдық шабуылшы екінші мәрте көзге түсіп, "Ливерпуль" құрамасын алға шығарды.

Бұл жолы да Роберто Фирмино голдық пас берді.

Бірнеше минуттан кейін "Ливерпульдің" айып алаңында қақпашы ойын ережесін бұзды.

"Челсидің" жартылай қорғаушысы Джорджиньо 11 метрлік айып добын мүлтіксіз орындады.

Негізгі және қосымша таймда жеңімпазды анықтай алмаған қос клуб пенальти сериясына жүгініп, "Ливерпуль" "Челсиден" басым түсті.

Юрген Клопп шәкірттері УЕФА суперкубогының иегері атанды.

Айта кетейік, матчта қазылық қызметті әйел адамдар атқарды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel