RU
Алматыда 18 жастағы қыз өгей әкесіне "зорлады" деп айып тақты

Алматыда 18 жастағы қыз өгей әкесіне "зорлады" деп айып тақты

Рассказать Вконтакте

Алматыда 18 жастағы қыз өгей әкесі өзін ұрып-соғып, зорлады деп айыптап отыр. Күдіктінің тағы басқа да қылмыстарға қатысы бар болып шықты деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан алынған кадр

Фото: видеодан алынған кадр

Айыпталушы азамат жезөкшелерге "жеңгетайлық" жасаған. Сондай-ақ, әскери және травматикалық қаруды Сирияда "жиһад" жасау үшін сақтаған көрінеді.

Күдіктіні қамауға қатысты сот шешімі қабылданар сәтте "адам зорлау" бабы есепке алынбаған болып шықты. Тек жезөкшелікпен айналысуды ұйымдастыру және заңсыз қару-жарақ сақтау баптары ғана ескерілген.

Өгей әке кәмелет жасына толмаған қызды 4 жылдан аса жыныстық қатынасқа мәжбүрлепті.

"13 жасқа толғанымда алғаш рет зорлады. Оны анама айта алмадым. Екеуі қаншама жылдан бері бірге тұрады, отбасының шырқын бұзам ба деп қорықтым. Ол кезде екеуінің 4 баласы болды. Ал анам үйде жоқта өгей әкем мен кейінгі інім екеуімізді ұрып-соғатын", - дейді жәбірленуші.

Қазір отбасы жалдамалы пәтерде тұрады. Өздерінің қауіпсіздігіне алаңдаған олар көшеге шығудан қалған. Айыпталушыны әлі де ұстамапты.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктінің өгей қызын зорлағанына қатысты іс енді тергеліп жатыр.

"Бұл азаматты біз Қылмыстық кодекстің 309 бабы бойынша жезөкшелікке арналған притонды ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартқанбыз. Сонан соң ол азаматтың бірнеше қылмысқа қатысы бар екені белгілі болды. Яғни заңсыз қару-жарақ сақтау және бірнеше жыл бойы өзінің өгей қызын зорлау деректері бойынша біз тағы да 2 қылмыстық істі қозғадық", - деді Салтанат Әзірбек.

Дереккөз: КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
2
1
6
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel