RU
"Жансақтау бөлімінде": Индира Расылханның қазіргі жағдайы қандай?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Жансақтау бөлімінде": Индира Расылханның қазіргі жағдайы қандай?

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Индира Расылхан үлкен сынақтан өтті. Денсаулығы сыр берген эстрада жұлыдызына ота жасалынған. Әртістің көмекшісі оның қазір қандай жағдайда екенін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесінің денсаулығына қатысты жаңа дерек оның Instagram парақшасында белгілі болған.

Индира Расылханның Арай есімді көмекшісі әшінің атынан дұға-тілекте болған көпшілікке алғыс білдіріп, отаның сәтті аяқталғанын мәлімдеді.

"Аллаға мыңда бір шүкір! Индира ханымның отасы сәтті аяқталды. Қазір жансақтау бөлімінде! Толассыз келген хаттарыңызбен, тілеген тілек, дұғаларыңызға Алла разы болсын! Көрерменінің шынайы тілекшісі екені, құрбыларының, әріптестерінің ішінде беделді екені осыдан-ақ көрініп тұр!
Екі сағатқа жоспарланған ота, бір сағатқа толмай сәтті аяқталды! Алаңдап жазған хаттарыңызбен, қоңырауларыңыз үшін үлкен рахмет! Көптің жақсы тілегімен аман-есен сол күндерді артқа тастадық! Алла қаласа, орталарыңызға әсем әнімен оралуын жазсын! Пост жазған: көмекшісі Арай.

Айта кетейік, бұған дейін Индира Расылханның өзі үшін дұға жасауын сұраған болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
2
1
11
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel