Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оларды көбі жақтырмайды": Jah Khalib Шымкент туралы ашық сұхбат берді

Опубликовано:

Jah Khalib лақап атымен танымал қазақстандық рэпер Бахтияр Мамедов Шымкенттің шын мәнісінде қандай екенін айтып берді. Ол туралы видео әншінің YouTube-каналында пайда болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com
Фото: instagram.com: Facebook

Бахтиярдың айтуынша, Шымкент - бірегей қала, ал оның тұрғындары ерекше, өте мейірімді, қонақжай халық. Намыс деген ұғым олар үшін өте маңызды.

"Бізде Шымкент деген қала бар. Қазақ пен өзбек менталитеті араласқан өте қызық қала. Қазақтар шын мәнісінде жауынгер халық. Бұрында олар барлығына бейімделген жауынгерлер, көшпенділер болған.

Сөйтіп өзбек халқы қосылып, сонда тұратын адамдар кәсіпкерлікпен айналыса бастады. Осы себепті де, біздің елде Шымкент халқын көбі жақтырмайды.

Өйткені, бұл адамдар басқаларға қарағанда барлығына машықтанған, тез қимылдайды, жұмыспен айналысады, кәсіпкерлікке жақын, пысық келеді. Олар бүкіл Қазақстанды толтырды", - деді Jah Khalib.

Бахтиярдың сөзінше, Шымкентке алғаш келген адамды жергілікті тұрғындардың мейірімділігі таңғалдырады, өйткені, көбі шымкенттіктерді қауіпті, қылмыскер адамдай көреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1811056-jah-khalib-bizde-symkent-halkyn-kp-adam-zaktyrmajdy/

pixel