Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актриса әрі продюсер: Азамат Сатыбалдының әйелі желіде көріне бастады (фото, видео)

Опубликовано:

Қазақстандық танымал актер Азамат Сатыбалдының жары Назгүл Қарабалина ел алдына шығуды ұйғарса керек. Актриса бұған дейін жолдасына жол беріп, өзі қызмет ететін театрдан басқа жерлерде көп көріне бермейтін. Отандық жұлдыздың келіншегі ендігі өз шығармашылығын жандандыратын уақыт келді деп сезгендей деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ұзақ жылдар бойы өзінің сүйікті ісімен айналысып жүрген Қарабалина желідегі жеке парақшасын ашып, көпшілікке өзінің актрисалық қырын көрсете бастады.

Өнер әлемінде продюсер әрі қоюшы режиссер ретінде өз орнын тапқан Назгүл ханым енді Instagram желісінде де барынша белсенділік танытып, жазбалармен жиі бөлісетін болған.

Оның үстіне, актердің сүйіктісі өз келбетін көрсетіп, жеке суреттерін жариялап жүр.

Азамат Сатыбалдының актриса әйелі желіден көріне бастады (фото, видео)
Назгүл Қарабалина. Фото: www.instagram.com/konir01: Instagram

Айта кетерлігі, Назгүл Қарабалина Орал қаласының тумасы. Азамат Сатыбалды екеуінің Сұлтан есімді ұлы бар.

Бүгінде ол Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы драма театрының беделді актрисасы әрі елімізге белгілі "Алашұлы" тобының продюсері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1811059-aktrisa-ri-produser-azamat-satybaldyny-jeli-zelide-krine-bastady-foto-video/

pixel