Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Таза блондинка": Отандық әнші қыз желіде қызу талқыға түсті (фото, видео)

Опубликовано:

Жас әнші Фарема Қазақпаева шаш үлгісін өзгертіп тастады. Ақ-сары шашты аруға айналған өнер иесінің жаңа образы желідегілердің қызу талқысына түскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фарема Қазақпаева. Фото: Әншінің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фарема Қазақпаева. Фото: Әншінің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Қазақпаева жаңа суреттерін Instagram парақшасында жариялаған.

"Сұлулық салонына бес сағатымды сарп еттім. Нәтижесінде таза блондинка болдым", - деп жазды ол.

Ал желі қолданушылары әншінің жаңа образын қызу талқыға салып, жарыса пікір қалдырған.

"Бұрынғысы жақсы еді", "Мына түс сізге жараспайды", "Ауылдың қара қызы", "Қайттан өзгерткеніңіз дұрыс", "Шашыңыздың түсі керемет екен", "Жасандысың",

"Өте әдемісің", "Жасанды қуыршақ", "Өзгеше сұлу болып қалыпсыз", "Сіз қазақсыз ба?", "Әдемі", "Бұрынғы келбетіңіз жарасымды", - деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Фарема Қазақпаева желіге тыр жалаңаш суретін жариялап, жұртты шошытқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1811068-taza-blondinka-otandyk-nsi-kyz-zelide-kyzu-talkyga-tsti-foto-video/

pixel