RU
Екі аяғы жоқ қазақ баласы "Ливерпульге" УЕФА Суперкубогын табыстады (фото, видео)
Жаңалықтар Қоғам

Екі аяғы жоқ қазақ баласы "Ливерпульге" УЕФА Суперкубогын табыстады (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Екі аяғы жоқ 11 жастағы Әли Тұрғанбеков УЕФА Суперкубогі үшін өткен "Ливерпуль" - "Челси" матчіне қатысты. Мүмкіндігі шектеулі қазақ баласы марапаттау шарасына қатысып, жүлдені табыстады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

УЕФА-ның Instagram желісіндегі ресми парақшасында Әлидің жұлдызды ойыншылардың қасында тұрғанын байқауға болады.

Фотоларға сәйкес, қазақ баласы ойыннан кейінгі марапаттау шарасына қатысқан.

Фото: instagram.com/uefa_official

Фото: instagram.com/uefa_official

Желіде тарап кеткен видеоға сүйене отырып, Әли УЕФА басшысы Александр Чеферинмен бірге Супекубокті табыстағанын айтуға болады.

Фото: instagram.com/uefa_official

Фото: instagram.com/uefa_official

Алайда, "Ливерпуль" капитаны Джордан Хендерсон жүлдені біраз уақытқа қазақ баласына қайтарып, көпшілікті тәнті етті.

Футболшының бұл қылығы ел қошеметіне ие болған.

Айта кетейік, кеше түнде "Ливерпуль" мен "Челси" өзара УЕФА Суперкубогының иегерін анықтады. Стамбұлда өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталып, пенальти сериясында "қызылдар" алға шықты.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
16
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel