Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұнайшыларға қауіпті инфекция Теңізде жұққан болуы мүмкін

Опубликовано:

Атырау облысында вахтада жұмыс жасайтын төрт қызметкерден АИТВ (ВИЧ) табылды деген ақпарат шықты. Жағдайға қатысты АИТВ және ЖИТС инфекцияларын емдеу орталығының жетекшісі Нұрқабыл Айтмұхамбетов түсінік берді деп жазады Қазинформға сілтеме берген KAZ.NUR.KZ.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com: Facebook

Басылымның хабарлауынша, қазіргі уақытта қауіпті вирустың ер адамдарға қайдан жұққаны анықталуда.

Төрт мұнайшы да Орал қаласының тұрғындары екені анықталған. Олар ТШО компаниясында жұмыс істеген болуы мүмкін.

Нұрқабыл Айтмұхамбетовтың сөзінше, инфекция жұқтырған төртеудің екеуі Теңізде нақты болғаны белгілі.

Бұл адамдардың қандай жолмен инфекцияны жұқтырғанын анықтау үшін, компания дәрігерлерінің қатысуымен эпидемиологиялық зерттеу жүргізілетін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1811070-mnajsylarga-kauipti-infekcia-teizde-zkkan-boluy-mmkin/

pixel