RU
"Қайырлы таң, Венеция": Түндегі жаңбырдан соң Алматы көшесі суға толды

"Қайырлы таң, Венеция": Түндегі жаңбырдан соң Алматы көшесі суға толды

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астанада 15 тамызға қараған түні қатты жаңбыр жауды. Таңертең үйінен шыққан Қазнет қолданушылары суға толған көшелердің видеоларымен бөлісіп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан алынған кадр

Фото: видеодан алынған кадр

Бірнеше видео Instagram желісіндегі kris.p.almaty және kris_p_almaty парақшаларында пайда болды. Парақша әкімшілігі "Қайырлы таң, Венеция" деп жазба қалдырды.

Видеолардан автожолдардың көлге айналып кеткенін көруге болады. Көлік жүргізушілері жаңбыр суы нақты қай көшелерде екенін айтты.

"Егер бір апта бойы жаңбыр жауса, онда Алматы судың астында қала ма?", "Үрмелі қайықтар бар ма?", "Үш сағат жауынға осылай болса, сұмдық қой", - деген пікірлер жазбас астында қарша борады

Адамдар әкімдіктен осы мәселеге мән беріп, оны шешулерін сұрады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel