RU
"Әнші де адам ғой": Айдар Тұрғанбек фонограммаға тыйым салу туралы ойын айтты

"Әнші де адам ғой": Айдар Тұрғанбек фонограммаға тыйым салу туралы ойын айтты

Рассказать Вконтакте

"Жігіттер" тобының әншісі Айдар Тұрғанбек фонограммамен тыйым салуға қатысты өз пікірін білдірді деп жазады "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әнші фонограмманы қолдайтынын жасырмады.

"Фонограммамен айтатын сәттер болады. Мысалы қыс кезінде далада ән айта алмайсың. Әнші де адам ғой, ол ауырып қалуы мүмкін. Одан кейін, телевиденияның түсірілімінде міндетті түрде фонограмма қолданады.

Ол қолданылуы керек. Заңдылық солай. Өйткені ол бүкіл халыққа тарайды. Осындай нәрселерді қарап, мүлдем алып тастауға болмайды.

Алып тастаса, Ресей баяғыда алып тастайтын еді. Барлығы жанды дауыста ән айта алады. Бұл нәрсеге кең тұрғыдан қарау керек.

Төрт адамға микрофон табылмайтын, аппарат өте нашар кездер болады. Ол кезде жанды дауыста айтсаң, дауысың халыққа естілмейді.

Мүлдем кесіп тастауға болмайды деген осыдан шығады. Мен ойымша, заң қабылдайтын болса, көзі ашық, көкірегі ояу өнердегі адам қабылдау керек.

Осының бәрін ескерту керек. Мүлдем құртып тастауға болмайды", - дейді Айдар Тұрғанбек.
Сіздің реакцияңыз
15
4
2
0
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel