RU
Қытайлық ұстаз Бейжіңде оқыған Тоқаевтың қандай студент болғанын айтты (видео)
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қытайлық ұстаз Бейжіңде оқыған Тоқаевтың қандай студент болғанын айтты (видео)

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бейжің лингвистикалық университетінде оқыған кезіндегі суреттерімен бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев жас кезінде, Лю Шицинь. Кадрлар видеодан алынды

Қасым-Жомарт Тоқаев жас кезінде, Лю Шицинь. Кадрлар видеодан алынды

Фотосуреттер 1983 жылы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бейжің лингвистикалық университетінде тілдік тағылымдамадан өтуі кезінде түсірілген.

"Универстит мұғалімі Лю Шицинь бұл суреттерді жеке мұрағатында сақтап келген екен. Ол Қазақстан президенті жайында естеліктерімен бөлісті", – деп жазды Берік Уәли.

Видеода жаңалық тыңдау курсынан дәріс берген мұғалімнің сұхбатынан қысқаша үзінді көрсетілген. Ол Қазақстан президентінің университетте қалай оқығанын айтып берді.

"Көпшіл, белсенді, тез арада үздік білім алушылардың бірі болды. Оған газет оқыған ұнайтын, өзінің көзқарасын ашық жеткізетін. Білімді және өте әдепті. Осы қасиеттерінің арқасында ол осындай жетістіктерге жетіп отыр", – дейді мұғалім.

Сіздің реакцияңыз
3
2
1
0
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel