RU
"Одан да жаттығу жаса": Киноға түскен Қуат Хамитовты жұрт аяусыз сынады (видео)
Жаңалықтар Қоғам

"Одан да жаттығу жаса": Киноға түскен Қуат Хамитовты жұрт аяусыз сынады (видео)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов комедиялық жанрдағы фильмге түскен. Желі қолданушыларының басым бөлігі спортшының бұл қадамын қолдамай, сыни пікірлерін қарша боратты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/kuat_khamitov

Фото: Instagram/kuat_khamitov

Хамитов актерлік қырын көрсеткен фильмнің үзіндісін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

Видеоны көрген желі оқырмандары спортшыны сынның астына алды.

Олар Хамитовтың киноға түсіп, актер болғанын елестете алмайтындарын жазды.

"Сізге жараспайды екен", "Киноға түскенше, жаттығу залына барғаның дұрыс", "Сіз кімсіз? Блогер? Әлде Спортшы?", "Шығармашылықпен айналаспай-ақ қойыңыз, жаттығу залына көп көңіл бөліңіз", - деген сынды пікірлер қалдырды.

Арасында аралас жекпе-жек шеберіне актер болған жарасатынын да жеткізгендер болды.

"Тамаша", "Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы болуы керек", "Елдің сөзіне мән бермеңіз. Сізге актер болған үйлеседі", "Көп спортшылар мансабын аяқтаған соң киноға түсіп жатады, сіз екеуінде қатар алып жүрсіз. Жарайсыз", - деді олар.

Спортшының оқырмандарының бірегейі Қуат Хамитовтың атақты Конор Макгрегорға еліктейтінін жазды.

"Қуат қазақтың "Қоңыры", "Хамитов Конорға еліктейді", "Қоңыр Хамитов", "Конор мен Қуат бір-біріне ұқсайды", - деді олар.

Сіздің реакцияңыз
5
0
2
0
2
11
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel