RU
Салмағы 45 келі: Өзін "көтерем қойға" теңеген Тамара Асар жұртты таңғалдырды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Салмағы 45 келі: Өзін "көтерем қойға" теңеген Тамара Асар жұртты таңғалдырды

Рассказать Вконтакте

Тамара Асар ұзақ уақыт бойы салмағын көбейте алмай, ссоның салдарынан балалар дүкенінен киінуге мәжбүр болғанын айтты. Өзін "көтерем қой" сияқты сезінген әнші бірнеше келіні жинау үшін барын салғанын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бүгінде Тамара Асардың салмағы 45 келіні көрсетіп тұр. Өнер иесі бұл көрсеткішті бағындыру үшін біраз тер төккенін де жасырмады.

Айтуынша, салмағы аз болғандықтан әнші өзі үшін балалар дүкенінен киім-кешек сатып алып тұрғанын мойындады.

Шоу-бизнес жұлдызы салмағы мен дене бітіміне қатысты деректермен өзінің Instagram парақшасында бөліскен.

"Осы жылы біраз салмақ қосып, "көтерем қойдың" қатарынан шығып, адам болып ересектердің өлшем бірлігіне жеткен жайым бар.

Осы орайдағы бүгінге дейін ұялып келген құпиям: қатты қысылғанда, үйге киетін, спортқа киетін киімдерді этикеткасын қиып тастап, балалар дүкенінен сатып ала беретінмін.

Енді ересектер қатарына қосылып жатырмын десем ба? Араларыңызда "детский киім" киген немесе киетіндер бар ма екен? Дым ұялмаңыздар" , - деп жазды Тамара Асар.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
1
11
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel