Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айжан Нұрмағамбетова шулы видеосы тараған Қайрат Нұртасты жақтап шықты

Опубликовано:

Осыдан біраз уақыт бұрын желіге "жанды дауыста" ән айтқан видеосы тарап кеткен Қайрат Нұртасқа өнердегі әріптесі Айжан Нұрмағамбетова араша түсті. Бұл туралы "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.

Айжан Нұрмағамбетова, Қайрат Нұртас. Фото: kaztube.kz, хитменнің жеке парақшасы. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Айжан Нұрмағамбетова, Қайрат Нұртас. Фото: kaztube.kz, хитменнің жеке парақшасы. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Нұрмағамбетованың пікірінше, Шымкенттің құрметті азаматы атанған хитменнің даулы видеосы оны жаман қырынан көрсетуге бағытталған.

"Меніңше бұл біреудің көреалмаушылығы. Киркоровқа да солай жасаған. Ол жерде шамалы шаршап қалған ба, ол біреудің сатқындығы. Қайраттың энергетикасы керемет. Ал бұл сатқындық. Ұйықтамай, шаршап тұрғанда, "фонограмма ғой, кішкене айта салайыншы" деп тұрғанда біреу жаманшылық жасаған.
Бұл көреалмаушылық. Дауыс режиссері жай жасаған жоқ қой. Оған біреу төледі. Жігіттер, қыздар, бұл дұрыс емес", - деді Айжан Нұрмағамбетова. 

Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Нұртастың жанды дауыста ән айтқан видеосы осы жылдың маусымында желіге тарап кеткен еді.

Арада көп өтпей, Гүлзира Айдарбекова ұлының бұл видеосына қатысты пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1811107-ajzan-nrmagambetova-suly-videosy-taragan-kajrat-nrtasty-zaktap-sykty/

pixel