RU
Алматы облысында сәбиге күш көрсеткен балабақша тәрбиешісі жаға ұстатты (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында сәбиге күш көрсеткен балабақша тәрбиешісі жаға ұстатты (видео)

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында балабақшадағы қатігез тәрбиешінің әрекеті бақылау камерасына түсіп қалды. Видео kris_p_brothers_official Instagram парақшасында пайда болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: pixabay.com

Фото: pixabay.com

Видео анықтамасында оқиға Байсерке ауылындағы "Ниет-ай" балабақшасында болған деп жазылған.

Сондай-ақ, бұл жағдай кішкентай топта болып жатқаны айтылады.

"Физикалық күш қолдану, балаларға қатыгездік таныту, соның ішінде, соққылар мен қорқыту. Құзырлы органдардың назар салуын өтінемін", - делінген жазбада.

Алматы облысының әкімдігі оқиғаның Байсерке ауылында болғанын растап, аталған дерек бойынша тергеу басталғанын айтты.

Қазіргі уақытта құрамына білім бөлімінің, әкімдік және басқа да органдардың қызметкерлері кіретін аудандық комиссия құрылған.

Бейнежазба алынып тасталды. Аудандық комиссия балабақша қызметкерлерімен сөйлесіп жатыр.

Әкімдік тексеріс нәтижесінінен соң қажетті шаралар қолданылатынын айтты.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel