RU
Алматы көшелерін су басты: Көліктер бір мезетте апатқа ұшырады (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматы көшелерін су басты: Көліктер бір мезетте апатқа ұшырады (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыда судың қатты жиналуынан жаппай жол апаты орын алды. Кептелісті былай қойғанда, қалааралық автобус пен бірнеше автокөлік соқтығысты деп жазады Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik / Стрингер

Фото: Sputnik / Стрингер

Ірі жол апаты Райымбек даңғылында, Ясауи мен Момышұлы көшелерінің арасында болған.

Алматыда кеше түнімен жауған жаңбыр қала көшелерін суға толтырған болатын.

Куәгерлердің айтуынша, Lada Priora мен Toyota Ipsum Райымбек даңғылымен шығыс бағытқа қарай жүрген. Бір сәтте үлкен шалшық суды көрген екі автокөлік те тежегішті басқан.
Фото: Sputnik / Стрингер

Фото: Sputnik / Стрингер

Артта келе жатқан автобус жүргізушісі бірден тоқтай алмай, көліктің артқы жағына "кіріп" кеткен.

Көлік бөлшектері әр түрлі бағытқа шашыраған, осы кезде тағы бірнеше машина зақымданған.

Жол апатынан Lada жүргізушісі мен Toyota Ipsum көлігінің үш жолаушысы әртүрлі жарақат алды. Олардың бәрі ауруханаларға жеткізілді.
Фото: Sputnik / Стрингер

Фото: Sputnik / Стрингер

Оқиға орнына полицейлер мен коммуналдық қызметтің қызметкерлері келіп, су тасқынының салдарын жойды.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel