Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеті жыл жүрген жігітінің баласы бар екенін білген ару шарасыз күйге түсті

Опубликовано:

7 жыл кездесіп жүрген жігітінен бір күнде бас тартқан ару одан сол күйі тұрысқа шығу туралы ұсынысты ала алмағанын сөз етті. Оның айтуынша, ер адамның, тіпті, басқа әйелден баласы бар екен деп хабарлайды astana__forum парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Арудың сөзінше, ол 7 жыл бойы сүйіп келген адамының ерсі қылықтарынан шаршағандықтан, одан бас тартуға мәжбүр болыпты.

"Жігітіммен 7 жыл жүрдік. Сол күйі маған тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасамаған. Қарым-қатынасымыз қиын, үнемі бақылауында ұстауға тырысады. Оның мінезінен шаршағандықтан 28 жасымда арамызды бұзуға шешім қабылдадым. Қатты қиналдым", - дейді ару.

Сүйіктісінің баласы бар екенін абайсызда білген бойжеткен оның отбасы барына да күмәнданып жүр екен.

"Ал жақында тіпті, оның баласы барын білдім. Кезінде сәбиін мойындамай, одан бас тартқан екен. Мені жоғалтып алудан қорыққаннан ештеңе айтпағанын айтты. Қазір оның толыққанды отбасы бар шығар деп те күмәнданамын. Бірақ жалғыз өзі пәтер жалдап тұрады. Оған көшіп бармағаным үшін жиі ренжиді. Не істерімді білмей қалдым. Айырылысып кеткенім дұрыс болды ма?", - деп жан сырын ақтарды кейіпкер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1811125-zeti-zyl-zrgen-zigitini-balasy-bar-ekenin-bilgen-aru-sarasyz-kjge-tsti/

pixel