Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматының кіреберісіндегі тоғанға қауіпті қалдықтар тонналап төгілуде (фото)

Опубликовано:

Қоқыс үйінділері Алматыға кіре берісінде тұрған қала атауы жазылған белгінің жанындағы тоғанға тасталуда. Қоқыс көмегімен олар құрылыстың жаңа алаңын жасайтыны белгілі болды деп хабарлайды "Время" газетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: time.kz / Роман Егоров
Фото: time.kz / Роман Егоров: Getty Images

Зейнеткер Раиса Курбатованың бұрын осы тоғанның жағасында өмір сүргенін айтты.

Оның сөзінше, бұл су айдында бір кездері балықтар, үйректер, шағалалар болған.

Зейнеткер жергілікті тұрғындар тоғанға шомылатын болғанын да жеткізді.

Ол жаз басталғаннан бастап су айдынын құрылыс қоқыстарымен, доңғалақтармен және жанар-жағармай материалдарымен, металл және пластикпен толтыра бастағанын жасырмады.

Курбатованың айтуынша, үшінші тамызда өрт шығып, барлық қоқыс өртенген.

Фото: time.kz / Роман Егоров
Фото: time.kz / Роман Егоров: Instagram

Маусым айында Жайсан көшесінің тұрғындары Алматы қаласының арнайы экологиялық прокуратурасына жүгінген.

Ал шілдеде әкімнің орынбасары Ернат Базиль ресми хатта абаттандыру бөлімінің мамандары қоршаған ортаны қорғау және экология департаменті, коммуналдық шаруашылық бөлімімен бірге барғанын айтты.

Фото: time.kz / Роман Егоров
Фото: time.kz / Роман Егоров: Instagram

Олар осы аралықты зерттеп, бұл жер телімі 2010 жылдан бастап А. Сембинованың жеке меншігі болып табылатындығын және оның мақсаты ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестердіру екендігін анықтады.

Фото: time.kz / Роман Егоров
Фото: time.kz / Роман Егоров: Instagram

Дегенмен, Курбатова жер учаскесінің координаттары тоғанның координаттарына сәйкес келмейтінін білдірді.

Одан бөлек, зейнеткер жақын жердегі су қоймасы мен тас жолдың бойындағы жер учаскесін қалай бөлуге болатындығы туралы түсінбейтінін жасырмады.

Фото: time.kz / Роман Егоров
Фото: time.kz / Роман Егоров: UGC

Әйел адамның айтуынша тік беткейде үй салуға рұқсат берілмеген, сондықтан тоғанның бетін қоқыс жабуда.

Раиса Курбатованың сөзінше, қысқа мерзімде мұнда 500-ге жуық КамАЗ көлігігімен қоқыс келген.

Зейнеткер біреуін тіпті суретке түсіріп үлгергенін де растады. Ол рұқсат етілмеген қоқысты тоқтату керек деп санайтынын баса айтты.

Зейнеткер экология министрлігі бұл мәселені шешеді деп үміттенеді.

Аталмыш ақпаратты көшіріп, басу тек "Время баспасы" ЖШС рұқсатымен ғана жүзеге асыралады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1811127-almatyny-kireberisindegi-toganga-kauipti-kaldyktar-tonnalap-tgilude-foto/

pixel