RU
Кентал салтанатты кеште төбелесіп, топалаң шығарған

Кентал салтанатты кеште төбелесіп, топалаң шығарған

Рассказать Вконтакте

Отандық өнер иесі Кентал басынан өткен қызықты оқиғасын көпшілікпен бөлісті. Әнші мектеп бітіру салтанатында төбелес шығарғанын "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасында айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кентал сондай-ақ оқушы кезін сағынбайтынын да жасырмады.

"Бітіру кешінде көп төбелес болды. Қызықтың бәрі сол болды. Білмеймін енді, жастармыз ғой. Бітіру салтанатынан кейін жас балалар төбелеседі ғой. Ол ер адамға сай.
Мектеп кезімді сағынбаймын. Себебі мектеп негізі маған ұнаған жоқ. Оқу деген менікі емес", - деді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Кентал жүрегін жаралаған аруды жолықтырғанын айтқан болатын.

Кейін әнші сүйгенін әріптесі Луинаның 32 жасқа толған туған күніне ерте барып, көпшілікке таныстырды.

Сіздің реакцияңыз
2
0
4
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel