Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айыпталып жатқан Әсел Баяндаровадан қарсы тарап 35 млн теңге өтемақы талап еткен

Опубликовано:

Күні кеше алматылық танымал блогер Әсел Баяндароваға "жала жапты және қорлады" деген айып тағылғаны жайлы ақпарат тараған болатын. Қазіргі уақытта блогерге қарсы бес қылмыстық іс қозғалған деп жазады Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әсел Баяндарова. Фото: Блогердің Facebook парақшасынан
Әсел Баяндарова. Фото: Блогердің Facebook парақшасынан: UGC

Әсел Баяндарова қылмыстық кодекстің 130 бабының 2 ші бөлігі, 131 бабтың 1 бөлігі бойынша айыпталуда.

Блогердің сегіз жазбасына сот-филологиялық және лингвистикалық сараптама тағайындалған.

Барлық оқиға оның анасын жаяу жүргіншілер жолағында көлік қағып кеткеннен басталған.

"Анамды қағып кеткен тарап мені "жала жауып, қорлады" деп қана емес, сондай-ақ конституцияға қарсы қылмыстарда соттың функцияларын иемденіп, қылмыстық кек алу мен рецидивизмге кінәлі деп айыптап отыр.
Олардың барлық қиыншылығын 35 миллион теңгемен қатар түзету жұмыстарына жегілуім немесе кем дегенде бірнеше күн түрмеге жабылуым, айыппұл мен ресми кешірімім өтей алады екен", - дейдіБаяндарова.

Еске сала кетейік, алматылық блогердің үстінен іс қозғалғаны жайлы кеше белгілі болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1811154-ajyptalyp-zatkan-sel-baandarovadan-karsy-tarap-35-mln-tege-temaky-talap-etken/

pixel