RU
Әлімханұлын Борат кейпінде таныстырған боксшы отандық жанкүйерлерден кешірім сұрады
Жаңалықтар Қоғам

Әлімханұлын Борат кейпінде таныстырған боксшы отандық жанкүйерлерден кешірім сұрады

Рассказать Вконтакте

Жәнібек Әлімханұлының алдағы қарсыласы канадалық боксшы Стюард Маклеллан барлық қазақстандықтардан кешірім сұрады деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы канадалық былғары қолғап шебері әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Мен барлық қазақстандық жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Бораттың суреті сіздер үшін қорлау болып табылатынын білгенім жоқ. Мен сіздерден шын көңілден кешірім сұраймын. Мен бүкіл елдің емес, тек қарсыласымның шамына тигім келді", - дейді боксшы.

Еске сала кетсек, Стюард Маклеллан өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жанкүйерлеріне Жәнібек Әлімханұлын Борат кейпінде таныстырып, 17 тамызда Лос-Анджелесте жекпе-жекке шығатынын хабарлаған.

Бұған қатысты қазақстандық спортшы да үнсіз қалмай, канадалық қарсыласының сазайын беретінін мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
3
4
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel