RU
Бойжеткен бұрынғы жігітінен өш алу кезінде басқа жанды сүйіп қалған
Жаңалықтар Калейдоскоп

Бойжеткен бұрынғы жігітінен өш алу кезінде басқа жанды сүйіп қалған

Рассказать Вконтакте

Американың 22 жастағы Джессика есімді тұрғыны бұрынғы жігітінен өш алу үшін өзге жанмен бақытты екенін көрсеткісі келеді. Алайда шын мәнінде басы бос ару қысқа уақытта өзіне жігіт іздей бастайды. Осылайша ол Джейді кезіктіріп, өш алу операциясын ұйымдастыру кезінде оны сүйіп қалған деп хабарлайды express-novosti.ru cайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: express-novosti.ru

Фото: express-novosti.ru

Достарының тойына шақырту алған 22 жастағы Джессика Хьюи қонақтар тізімінен өзінің бұрынғы махаббатын көріп қалған. Бойжеткен ескі сүйіктісімен жақсы қарым-қатынаста қала алмағандықтан, одан өш алудың жолын ойластырды.

Басы бос Джессика бұрынғы жігітіне басқа жанмен бақытты екенін көрсетпек болады. Осылайша ару әлеуметтік желіге жігіт іздейтіні туралы хабарлама жариялады.

Бойжеткеннің жазбасына 40 адам жауап берген. Қыз қойған шарт бойынша олар неліктен Джессика оларды таңдауы керек екенін жазып көрсетуі керек болған. Осылайша 40 ер адамның ішінен Джессика Джей есімді жігітті таңдайды.

Қыз бен жігіт өздерінің махаббат хикаялары туралы аңызды құрастыру үшін кездесуге келіседі. Бір-бірін ұнатып қалған олар үш сағатқа жуық әңгімелесіп отырып, бір-біріне қалай ғашық болып қалғанын сезбей қалады.

Уақыттың зымырап өткенін байқамаған Джессика мен Джей екінші рет кездесуге сөз байласады.

Өш алу операциясы қос ғашықтың арасын жалғай түседі. Сөйтіп, олар той күні шынайы жұп болып Джессиканың достарының тойына барады.

Осы оқиғадан кейін 4 жыл өткен соң бойжеткен мен жігіт отбасын құрды.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel