RU
Подмосковьедегі ұшақ пен құстардың соқтығысқан сәті видеоға түсіп қалды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Подмосковьедегі ұшақ пен құстардың соқтығысқан сәті видеоға түсіп қалды

Рассказать Вконтакте

Апатты жағдайда жүгері алқабына қонуға мәжбүр болған ресейлік ұшақтың жолаушысы әуе кемесі мен құстардың соқтығысқан сәтін видеоға түсіріп алған деп хабарлайды Вести.Ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Жолаушы иллюминатордан ұшақтың ұшқан сәтін түсіріп алған.

Кадрдан құстардың кеме қозғалтқыштарының біріне түсіп кеткенін көруге болады. Дәл осы сәтте тарсылдаған дауыс естіледі, содан кейін қозғалтқыш ауырлығын жоғалтқан.

Құстар қозғалтқышқа тиіп кеткендіктен ұшақ жоғарыға көтеріліп, ұша алмаған.

Басылымның мәліметінше, ұшақ ішінде 226 жолаушы және экипаждың 7 мүшесі болған.

Mash парақшасында құтқарылған жолаушылардың экипажға сәтті қонғаны үшін алғыс білдіріп, қол шапалақтап жатқан бейнеролигі пайда болды. Бортсеріктер осы сәтте көз жасына ерік берген.

Естеріңізге сала кетейік, Airbus Мәскеуден Симферопольге бағыт алған болатын. Алайда көкке көтерілген соң ұшақ Жуковский әуежайына жақын маңда апатты жағдайда қонуға мәжбүр болған.

Life.ru мәліметінше, ТЖ нәтижесінде 21 ересек және 10 бала зардап шеккен.

Сіздің реакцияңыз
3
1
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel