Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде мектеп оқушысы жұмбақ жағдайда көз жұмды

Опубликовано:

Ақтөбеде мектеп оқушысының жұмбақ өліміне қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Қайғылы жағдай айт мерекесінің екінші күнінде болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: pixabay
Көрнекі фото: pixabay: Facebook

Биыл тоғызыншы классқа баратын тәртібі жақсы оқушыларының өлімге барғанына ұстаздары сенбей отыр.

"Оқушымыздың тәртібі жақсы, оқуы орташа болатын. Отбасы жағдайы қалыпты. Қыз баланың әкесі де, анасы да жұмыс жасайды. Психологиялық тесттерде тәуекелділік топқа алынбаған.
Естуімше, қайғылы жағдай үйінде болған. Ата-анасы кішкентай бауырының қасына қалдырып айттап кеткен. Жағдай түстен кейін болып тұр", - деді мектеп директоры.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен өлім себептері анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1811173-aktbede-mektep-okusysy-zmbak-zagdajda-kz-zmdy/

pixel