RU
Әділхан Макин мектептен 10-сыныпта шығарып жібергенін жайып салды

Әділхан Макин мектептен 10-сыныпта шығарып жібергенін жайып салды

Рассказать Вконтакте

"Славян базары" байқауының биылғы жылғы жеңімпазы, қазақстандық жас әнші Әділхан Макин басынан өткен қызықтарымен бөлісті. 10-сыныпта мектептен шығарылған азамат осы уақытқа дейін бірнеше оқу орындарында оқығанымен, біреуін де аяқтамаған деп жазады "Время" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жас талант бүгінгі таңда Жүргенов атындағы өнер академиясының 4 курсында оқып жатыр.

"Тағдырдың жазуы болар, әкем Көкшетауда жұмыс бабымен, ал анам Алматыға демалысқа кеткен болатын. Сол кезде мені 10-сыныптан шығарып жіберді. Мұны ата-анаңа айтуға ұяласың. Қолың бос. Осылай жүріп мен Петропавлдағы музыкалық колледжге түстім. Бірақ колледждің екінші курсында оқуымды Астанаға ауыстырдым. Мені ол жақтан да шығарып жіберді. Сосын Айман Мұсақожаеваның өнер университетіне түстім. Алайда екі жылдан соң бұл жерден де шығарып жіберді.
Мені мектептен шығарғалы арада он жыл өтсе де, бір оқу орнының дипломын қолыма алмадым. Қазір Жүргенов атындағы өнер академиясының 4-курсындамын. Ал бұрын оқу орындарын тек екі курс қана оқитынмын. Бұл оқу орнында мені жақсы көреді", - деді Әділхан Макин.

Естеріңізге сала кетейік, Әділхан Макиннің "Славян базары-2019" байқауының жеңімпазы атанды.

Кейін желіде қазақстандық әншінің өнер көрсеткен сәтінен видео пайда болған. Ол өзінің ерекше ән орындау қабілетімен елді таңдай қақтырды.

Ақпаратты көшіріп, басу тек "Время баспасы" ЖШС рұқсатымен ғана жүзеге асыралады!

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel