RU
Әділхан Макин: Күзетші де, даяшы мен бармен де болдым
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Әділхан Макин: Күзетші де, даяшы мен бармен де болдым

Рассказать Вконтакте

"Славян базары - 2019" байқауының жеңімпазы атанған отандасымыз Әділхан Макин танымалдылыққа қол жеткізбес бұрын тойда ән айтып, даяшы да болғанын жасырмай айтып берді деп жазады "Время" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылым тілшісі әншіден: "Сіз бұрын мейрамханаларда, тойларда ән айттыңыз. Ал қазір осы істі жалғастырасыз ба?", - деп сұраған.

Ал Әділхан Макин тіпті күзетші болып жұмыс істегенін де айта кетті.

"Мен күзетші де болғанмын. Даяшы да, бармен де болып жұмыс істедім. Оператор қызметін де атқардым.
Тағы біраз мекемеде жұмыс істедім. Шынымды айтсам, қазір тойларда ән айтқым келмейді. Мен үшін қазір ең бастысы - шығармашылық", - дейді ағынан жарылған әнші.

Естеріңізге сала кетейік, Әділхан Макиннің "Славян базары-2019" байқауының жеңімпазы атанды.

Кейін желіде қазақстандық әншінің өнер көрсеткен сәтінен видео пайда болған. Ол өзінің ерекше ән орындау қабілетімен елді таңдай қақтырды.

Ақпаратты көшіріп, басу тек "Время баспасы" ЖШС рұқсатымен ғана жүзеге асыралады!

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel