RU
Алматыда полицейді көлігімен сүйреп әкеткен ер адам ұсталды (фото, видео)

Алматыда полицейді көлігімен сүйреп әкеткен ер адам ұсталды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Алматыда полиция қызметкерлері көлігімен тәртіп сақшысын 200 метр дейін сүйреп әкеткен тәртіп бұзушыны ұстады деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі, коллаж: KAZ.NUR.KZ.

Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі, коллаж: KAZ.NUR.KZ.

Есетріңізге сала кетейік, оқиға 11 тамыз күні Алматы қаласы Медеу ауданында шамамен сағат 16:00-де болған.

"Luxgen-7" маркалы автокөлігінің жүргізушісі ЖҚЕ бұзғаны үшін тоқтатылды. Ол полиция қызметкерінің құжаттарын көрсету талаптарына бағынбаған және тергеу орнынан жасырынған.

"Сонымен қатар, жүргізушіні патрульдің оны тоқтатуға тырысып, көліктің есігіне ілініп қалғаны да тоқтатқан жоқ. Ер адам керісінше газды қосып, өз қолымен адамды итерді. Нәтижесінде полиция сержанты Руслан Мұқашев оң жақ жауырынын сындырып, оң жақ төбе аймағындағы гематома мен бас миының жарақатын алған.
Абырой болғанда қазіргі уақытта оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, ол ауруханаға жатқызылды. Сонымен қатар, іздестіру бөлімшесінің қызметкерлері жеке басын анықтауға және жасырынған жүргізушіні одан әрі ұстауға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізді.
Дегенмен, оның жеке тұлғасы бізге белгілі болды. Бұл И. есімді 1981 жылы туған азамат. Өткен кеште ол ұсталды", - деді Алматы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ерік Насырбеков.

Полицияда хабарлағандай, ер адам қылмыстық және әкімшілік заңнаманың біреше бабы бойынша айыпталып жатыр. Олар: ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігі, ҚР ҚК 380-бабы 2-бөлігі және ҚР ӘҚБК 612-бабы 1-бөлігі.

Сіздің реакцияңыз
0
1
4
0
2
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel