RU
"Түрі өте аянышты еді": Ақтөбелік еріктілер төрт жасар бүлдіршінді өгей әкесінен құтқарды
Жаңалықтар Қоғам

"Түрі өте аянышты еді": Ақтөбелік еріктілер төрт жасар бүлдіршінді өгей әкесінен құтқарды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде еріктілердің көмегімен өгей әкесімен тұрып жатқан төрт жасар қыз бала сәбилер үйіне жеткізілді. Анасы көз жұмғаннан кейін бүлдіршін оның азаматтық некедегі жолдасының қасында қалып қойған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Сал ауруына шалдыққан бүлдіршін жүрмек түгілі отыра да алмайды. Науқас бүлдіршінге қомақты жәрдемақы төленіп тұрған. Бірақ балада күтім жоқ. Киімі мен үстін кір басқан баланы еріктілер полицияның көмегімен тығып қойған жерлерінен тауып алған.

"Баланың жағдайы туралы оқырмандардың хатынан білдік. Анасы қайтыс болған бүлдіршін қиын жағдайда қалған. Сол сағатта полицияға хабарлап, бізге берілген мекенжайға бардық. Сол кездегі баланың түрі өте аянышты еді. Жылаған кезде де даусы шықпайды. Баланы алу бізге оңай болған жоқ. Полицияның көмегімен "Үміт" сәбилер үйіне тапсырдық. Мен мұндағы дәрігерлерге алғысымды айтамын. Қазір баланың түрі де өзгерген. Баланың жағдайын алдағы уақытта да бақылап отыратын боламыз", - дейді ерікті Екатерина Голотина.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, баланың анасы ішімдікке салынуына байланысты осыған дейін есепте тұрған. Полиция 28 жастағы келіншекті ата-ана құқынан айыруға құжат әзірлеп жатқанда екі айлық баласы өкпенің қабынуынан қайтыс болады. Әйелдің басындағы қайғылы жағдайға байланысты ата-ана құқынан айыру сұрағы кейінге қалдырылған. Ұзамай әйелдің өзі де 9 тамыз күні көз жұмған.

"Анасы қайтыс болғаннан кейін бүлдіршін өгей әкесімен бірге нағашы апасының үйінде түрған. Бала "Үміт" сәбилер үйіне жеткізілді. Өгей әкесіне қайтарылмайды. Қалған туыстары да ішімдікке салынғандықтан бала мемлекеттің бақылауында болады", - дейді полиция қызметкері Салтанат Көшкалиева.

Анасының бойындағы жұқпалы ауру белгілері төрт жасар қызына да берілген.

"Төрт жастағы қыз бала біздің мекемеге полиция қызметкерлерімен 12 тамыз күні әкелінді. Бүгінде баланың жағдайы орташа ауырлықта деп айтуға болады. Жүйке жүйесіне байланысты сал ауруына шалдыққан. Туа бітті жүрек ауруымен де есепке алынған. Нәресте кезінде жүрегіне ота жасалған. Оның үстіне балада анасынан берілген ЖИТС жұқпалы ауруының белгілері бар", - дейді "Үміт" балалар үйінің бөлім меңгерушісі Нұргүл Сарманова.

Үміт сәбилер үйі педиаторларының айтуынша, қыркүйек айында балаға жұқпалы ауру белгілеріне байланысты қайта тексеру жұмыстары жүргізіледі. Қазір вирусқа қарсы сатылық емдерін алып жатыр.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
7
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel