Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзін шетел азаматы ретінде таныстырған ер адамға сенген келіншек сан соғып қалды

Опубликовано:

Әлтеуметтік желі арқылы өзін АҚШ азаматымын деп таныстырған ер адам павлодарлық әйел адамның 2550 доллар ақшасын қолды қылған деп хабаралйды Sputnik Қазақстан.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Құқық қорғау ведомствосының мәліметінше, ер адам әлеуметтік желі арқылы 57 жастағы әйел адаммен танысып, хат алмасып тұрған.

Сондай-ақ, ол өзін АҚШ азаматымын деп таныстырып, Кабулда қызмет ететінін айтқан.

Біраз уақыттан кейін ер адам әйел адамға Павлодар қаласына келгісі келетінін жеткізген. Оның сөзінше, ол жүгін жиып, Павлодарға жіберіп қойған. Бірақ кенет мәселе туындаған екен – ер адамның ақшасы жоқ болғандықтан, сүйіктісі жүктің ақысы үшін 2 550 АҚШ долларын (870 мың теңгеден астам) төлеуі керек болады.

Ойында ештеңе жоқ павлодарлық тұрғын кредит алып, алаяққа ақшаны салып жібереді.

Дегеніне жеткен ер адам тағы үш ай бойы "жүгімді ұстап қалды" деп әйел адамды алдап-сулап одан да көп қаражат сұраған. Ал ғашығының ақшасы жоқ екенін білгенде ұшты-күйлі жоғалған.

Сол кезде ғана әйел адам өзінің алданғанын түсінеді.

Полиция департаменті бұл дерек бойынша "алаяқтық" бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатырқанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1811212-zin-setel-azamaty-retinde-tanystyrgan-er-adamga-sengen-pavlodarlyk-kelinsek-san-sogyp-kaldy/

pixel