RU
Атышулы Макгрегор ішімдік ішуден бас тартқан қарияны соғып тастады (видео)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Атышулы Макгрегор ішімдік ішуден бас тартқан қарияны соғып тастады (видео)

Рассказать Вконтакте

Ирландиялық танымал спортшы Конор Макгергор тағы да даулы оқиғаға тап болды. Ережесіз жекпе-жек жұлдызы өзі ұсынған вискиден бас тартқан қарияны елдің көзінше соғып тастады деп жазады eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр

Фото: видеодан кадр

Оқиға Ирландияның Дублин қаласында The Marble Arch Pub көңіл көтеру орнында болған. Конор мейрамхана қонақтарына өзі жасап шығаратын вискиді тегін ұсынған. Алайда, бір қарт кісі танымал спортшының ішімдігін ішуден бас тартып шыққан.

Сол кезде Макгрегор оған тағы да стақанды ұсынды. Бірақ, ер адам өз дегенінде тұрып, тағы бір мәрте бас тартқан. Екінші мәрте "жоқ" деген жауап алған жұлдыз өзін ренжіткен қарияны бір соққан.

Мейрамхана қонақтары бірден Конорды тоқтатып, зардап шеккен зейнеткердің қасынан алып кетті.

Сіздің реакцияңыз
27
0
5
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel