Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атамбаевқа 14 қылмыстық іс бойынша айып тағылды

Опубликовано:

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа тағылған айыптардың саны 14-ке жетті. Оның ішінде экс-президент кісі өлтіруді ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Бұл туралы бұрынғы мемлекет басшысының қорғаушысы Сергей Слесарев мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Алмазбек Атамбаев. Фото: АКИpress
Алмазбек Атамбаев. Фото: АКИpress: UGC

Атамбаев құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсы күш қолданғаны, жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырғаны, кісі өлтіруды ұйымдастырып, кісі өлтіруге оқталғаны, адамдарды тұтқынға алғаны үшін айыпталуда.

Бұрынғы Қырғыз басшысына бірінші айып қылмыс әлемінің серкесі Азиз Батукаевты босату туралы іс бойынша тағылған.

13 тамызда 7-8 тамыз оқиғаларына (Атамбаевты ұстау процесіндегі тәртіпсіздік) қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Атамбаевқа бірнеше аса ауыр қылмысты жасады деген күдікке ілінгені туралы хабарлама тапсырылған. Онда тоғыз қылмыстық іс жөнінде мәлімделді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1811225-atambaevka-14-kylmystyk-is-bojynsa-ajyp-tagyldy/

pixel