RU
"Астана" клубы Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды (видео)

"Астана" клубы Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды (видео)

Рассказать Вконтакте

Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінің жауапты ойынында "Астана" мальталық "Валетта" клубын сырт алаңда 0:4 есебімен ұтып, плей-офф кезеңіне жолдама алды. Топтық кезеңге шығу үшін енді қазақстандық клуб белоруссиялық "БАТЭ" командасымен кездеседі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елордалық құрама ойынды ширақ бастап, 25 минутта есеп ашты.

Мергендігімен көзге түскен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Роман Мұртазаев.

Араға он минуттай уақыт салып, "Астана" клубы "Валетта" қақпасына екінші голды салды. Бұл жолы хорватиялық футболшы Марин Томасов мүмкіндігін сәтті пайдаланды.

Матчтың екінші таймында Мұртазаев пен Томасов есепті еселеп, қазақстандық клуб мальталық ұжымды сырт алаңда 0:4 есебімен жеңді.

Еске сала кетсек, бір апта бұрын Нұр-Сұлтан қаласында өткен алғашқы матчта "Астана" қарсыластарын 5:1 есебімен ойсырата жеңген.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel