Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астана су арнасының" бұрынғы басшысы параға үш бөлмелі пәтер алған

Опубликовано:

Пара орнына үш бөлмелі пәтер алған "Астана су арнасының" бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды КТК арнасы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Телеарна мәліметінше, Нұр-Сұлтан қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен "Астана су арнасының" бұрынғы басшысы Уәлихан Досаев 7 жылға бас бостандығын айырылған.

Ол мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның бас директоры болып жұмыс істеген уақытында параны қарамағандағы қызметкері арқылы алған деп хабарлайды телеарна.

"Мекеменің басшысы бола тұрып, "Технополисжилстрой" ЖШС-нің басшысынан "Жас отбасы-2" тұрғын үй кешенінен үш бөлмелі пәтерді ауызбастырыққа алған. Осы параны жылжымайтын мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестікке беру туралы қосымша келісім шартын жасағаны үшін алыпты", - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi 1-шi департаментiнiң аға тергеушiсi Данияр Бегайдаров.

Досаевт мекемені 2010 жылдан бастап 6 жыл бойы басқарған.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1811258-astana-su-arnasyny-bryngy-bassysy-paraga-s-blmeli-pter-algan/

pixel