RU
Деревянченко Головкинмен жекпе-жегі туралы барлық жазбасын өшіріп тастады
Жаңалықтар Қоғам

Деревянченко Головкинмен жекпе-жегі туралы барлық жазбасын өшіріп тастады

Рассказать Вконтакте

Кеше укриналық боксшы Сергей Деревянченко қазақстандық Геннадий Головкинмен болатын жекпе-жегі туралы әлеуметтік желіде жазба жариялаған еді. Алайда, бүгін осы тақырыпқа қатысты Сергейдің парақшасындағы барлық жазба өшірілген деп хабарлайды Sports.kz сайтына сілтеме берген KAZ.NUR.KZ.

Боксшы жекпе-жек туралы жазбаны Instagram және Twitter парақшаларында жариялаған. Ол "келіссөз аяқталды" деп жазды.

Оның берген анонсына сүйенсек, кездесу 5 қазанда Нью-Йоркте өтеді.

Украиналықтың парақшаларынан аяқ асты жоғалған жазбалардың өшірілу себебі белгісіз.

Естеріңізге салсақ, Халықаралық бокс федерациясы Головкин мен Деревянченко кездесуін бекіткен болатын.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel